Бұл жөнінде бүгін Астанада ҚР Ішкі істер министрлігі Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті.
Арнайы операцияның барысында Құсмұрын станциясында «Астана-Санкт-Петербург» бағытындағы поездың 35 жастағы жолаушысы құрықталып, одан 1 килограмға жуық гашиш алынған.
Қ. Жұмановтың айтуынша, есірткінің одан әрі РФ-да сатуға арналғаны белгілі болды.
Ұсталған қамауға алынды, сондай-ақ есірткі контрабандасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.