«Ақпарат агенттіктерінің бірінен полиция департаментінің қызметкерінің қылмыс жасау фактісі бойынша қандай шаралар қабылдағаны туралы сұрау түсті. Қызметтік тексеру жүргізу қорытындысы бойынша, тікелей қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам - бір полиция қызметкері жұмыстан шығарылды. Тағы бесеуі қызметінен босатылды. Қалған қызметкерлер жасалған теріс қылықтың ауыр-жеңілдігіне қарай тәртіптік жазаға тартылды», - деп түсіндірді Қостанай облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Алексей Милюк.
Басқарма бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары Ардақ Ынтықбаев зейнетке шығуына байланысты қызметінен босатылды.
Кадр жұмысы басқармасының бастығы Қуаныш Дүйсебаев жаңа жұмыс орнына ауысуына байланысты жұмыстан кетті.
«Сондай-ақ, есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының екі басшысы атқаратын қызметінен босатылды. Олар - Қостанай қаласы полиция басқармасының бастығы және оның жедел жұмыс жөніндегі орынбасары. Ұсталған қызметкер есірткі бизнесіне іс-қимыл бөлімі бастығының қарамағында жұмыс істеген. Ол да қызметінен босатылды», - деп қосты А.Милюк.
Белгілі болғандай, полиция департаментінің есірткі саудалағаны үшін ұсталған полицейден басқа жоғарыда аталған қызметкерлері тек қызметтен босатылған, бірақ жұмыстан шығарылған жоқ. Бұған екі апта уақыт беріледі.
«Оларға Қостанай облысы полиция департаментінің жүйесінде төмен лауазымдар ұсынылады», - деп қорытындылады А.Милюк.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Іс Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бақылауына алынды.