Қостанайда есірткі жеткізетін қылмыстық топтан 335 келі марихуана тәркіленді
19:23, 12 Қыркүйек 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті еліміздің оңтүстік өңірлерінен каннабис тобындағы есірткінің ірі партиясын жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
335 кг астам марихуана және 20 кг гашиш тәркіленді.
Есірткі арнасын ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен төрт Қазақстан азаматы ұсталды.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.