«19:20-да «Бәйтерек» фитнес-орталығы ғимаратынан шыққан өрт толықтай сөндірілді. Тілсіз жау 190 шаршы метр аумақты шарпыған» делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бүгін сағат 15:08-де «Бәйтерек» фитнес-клубының екінші қабатындағы би залының 150 шаршы матер аумағын жалын шарпығаны туралы хабарлаған болатынбыз. Оқиға салдарынан жапа шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.
Мамандардың мәліметінше, ғимараттың мансарттық қабаты металпрофилмен қапталған, бұл өртті сөндіруді қиындатқан. Ол өрт кесірінен ысып кеткендіктен, жұлып тастау мүмкін болмаған.