«Попович көшесіндегі үйлердің бірінде газ баллоны жарылды. Өрт салдарынан үйдегі кейбір жиһаздар жанып кеткен. Пәтер иесі құтқарушылар келгенге дейін өртті сөндіріп үлгерген, алайда 53 жастағы азамат баллонды шығарам деп өзі күйіп қалған», - деді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Ер адамның мойны, кеудесі, екі қолы күйіп қалған. Салдарынан зардап шеккен азамат үшінші дәрежелі термиялық күйік диагнозымен Қостанай қалалық ауруханасына түскен. Науқасқа медициналық көмек көрсетілді, алайда ол ауруханаға жатудан бас тартты.