Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 7 қазан күні кешкі сағат 17:30 шамасында болған.
«Кезекші бөлімге Тәуелсіздік көшесіндегі үйден өрт шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына 3 техника мен 14 өрт сөндіруші жұмылдырылды. 3 қабатты тұрғын үйге тартылған газ құбыры өртеніп, от үйдің сыртын шарпыған. Құтқарушылар үйдің 45 тұрғыны эвакуациялады. Оның ішінде 13 бала болған. Өрт сағат 17:53-те сөндірілді. Жану алаңы 6 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», делінген ТЖД хабарламасында.
Қостанай облысының ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Фото: 24.kz