Жол апатына куә болғандардың айтуынша, Infiniti мен Peugeot көліктері соқтығысқан, олардың бірі екпінмен келіп, мотоциклді ұрған. Сондай-ақ жолаушылар автобусы зардап шеккен.
Соққының қатты болғаны соншалық мотоцикл темір үйіндіге айналған. Мотоциклші сол орында көз жұмды.
Жеңіл көліктерде болған жолаушылар ауруханаға жеткізілді. Автобус жүргізушісі зардап шеккен жоқ.