Қостанайда ыстық су қашан беріледі

Фото: Pexels

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM — Облыс орталығында жылу желілері бес жерден тесіліп, салдарынан ыстық сумен қамтуды уақытша тоқтатуға тура келді. 

Қостанайда магистральдық және кварталішілік жылу желілері жоғары қысыммен гидравликалық сынақтардан өткізілді. Нәтижесінде желінің бес желден жарылғаны анықталды. Бородин және Дощанов көшелерінде ақаулар бүгінде жойылды.

Қазіргі уақытта Тәуелсіздік және Баймағамбетов көшелерінің қиылысында, Тәуелсіздік және Бородин көшелерінің қиылысында және Мәуленов көшесінде жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

«КТЭК» МКК мәліметі бойынша, мамандар ақауларды қысқа мерзімде жою үшін барлық шараны қолға алған.

Сонымен қатар компанияда атап өткендей, «QAZAQGAZ AIMAK» АҚ тарапынан жылу көздеріне газ беруді тоқтатуға байланысты Қостанайда ыстық су тамыздың 15-інен кейін ғана беріле бастамақ.

Бұған дейін Қостанайда жер қатынастары бойынша көрсетілген 50 мемқызметтен кемшіліктер анықталғанын жазған едік.