Елена Нефёдованың айтуынша, Евгений бүгін қоңырау шалып, аман екенін жеткізген.
«Достары Евгенийге өзіне іздеу салынғанын айтқан. Əлеуметтік желідегі жазбаны көріп, ол маған қоңырау шалды. Оның қайда болғанын кездескен соң білеміз. Евгений қалада үй жалдап тұрып жатқан. Бəлкім, жұмысына жақын жерге көшкен болуы тиіс. Іздеген жандарға алғыс білдіремін», - деді əпкесі.
Еске салсақ, 17 жасар бозбала 6 қараша күні үйінен шығып кетіп, оралмағандығы туралы хабарлаған едік .