Оқиға Таран ауданының Жамбаскөл ауылынан 12 шақырым жерде болған.
«Жол үстінде тұрған КамАЗ көлігінен ер адамның денесі табылды. Таран аудандық ІІБ ҚР ҚК 99-бабы («Кісі өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шараларын бастап кетті», - дейді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Қазіргі уақытта полицейлер оқиға төңірегін зерттеп, кісі өлімінің себебін анықтау мақсатында қажетті шараларды жүргізіп жатыр.