Іс материалдарына қарағанда, бірінші оқиға 2017 жылдың тамыз айында Қарабалық ауданының Боскөл ауылында болған. Мас күйдегі ер адам 15 жастағы көрші қызды көшеде зорлаған. Содан кейін олардың арасында қарым-қатынас орнаған.
2018 жылдың ақпанында қыздың анасы оның толыса бастағанын аңғарып қалған. Көңілі күпті болған шешенің күдігін тест растайды - қызы жүкті екен. Қазір жас қыздың өзі де ана атанып отыр.
Соттың шешімімен ер адам ҚР ҚК 120-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы, 122-бабының 3-тармағы бойынша сотталып, 11,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша күшейтілген мекемелерінде өтейтін болады.