Қостанайда қар жауды
10:08, 02 Қазан 2017
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат - Қостанайда алғашқы қар жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала тұрғындары алғашқы қардың суреттері мен бейнежазбаларын әлеуметтік желілерде жарыса бөлісіп жатыр.
Қазгидромет орталығының Қостанай облысындағы филиалы, 1 қазанда облыс аумағы бөгде циклонның ықпалында болатындығын ескертті, кей жерлерде қар аралас жаңбыр күтіледі. Түнде сынап бағанасы -1-6 градусқа төмендеуі мүмкін.