Қостанайда кәріз құдығын тексермек болған қызметкерлер уланып қалды

Фото: Фото: Видеодан скрин

АСТАНА. KAZINFORM — Оқыс оқиға Қостанай облысы Қарабалық кентінде болған, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Абырой болғанда дер кезінде жеткен ТЖМ қызметкерлері екі адамды құтқарып қалды.

— Қостанай облысы Қарабалық кентінде екі ер адам кәріз жүйесін тазалау кезінде септикке түсіп, улы газдардың әсерінен өздерін нашар сезінген. Оқиға орнына дереу құтқарушылар жіберілді. Жағдай шұғыл және үйлестірілген іс-қимылдарды талап етті. Құтқарушылар баспалдақты пайдалана отырып, жұмысшыларды құдықтан шығарды. Олар медициналық қызметкерлеріне тапсырылды, — делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, Павлодарда кәріз құдығына түскен 4 жұмыскер белгісіз газдан уланып қалды.