Абырой болғанда дер кезінде жеткен ТЖМ қызметкерлері екі адамды құтқарып қалды.
— Қостанай облысы Қарабалық кентінде екі ер адам кәріз жүйесін тазалау кезінде септикке түсіп, улы газдардың әсерінен өздерін нашар сезінген. Оқиға орнына дереу құтқарушылар жіберілді. Жағдай шұғыл және үйлестірілген іс-қимылдарды талап етті. Құтқарушылар баспалдақты пайдалана отырып, жұмысшыларды құдықтан шығарды. Олар медициналық қызметкерлеріне тапсырылды, — делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарланғандай, Павлодарда кәріз құдығына түскен 4 жұмыскер белгісіз газдан уланып қалды.