Қостанайда кәсіпкерден ақша бопсалады деген күдікпен полицей ұсталды

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда кәсіпкерді қорқытып, ақша талап еткен 25 жастағы полицей қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 3 қараша күні Қостанай қаласында болған.

«Жедел-із кесу шаралары барысында облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Қостанай қаласы жол-патрульдік полициясының 25 жастағы инспекторын ұстады. Бұған дейін кәсіпкер әйел полицейдің ақша бопсалағанын айтып, арыз жазған болатын», - деді облыстық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы Алтынбек Сүйіншіәлиев журналистермен өткен брифингте.

Аталған факт бойынша ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Осыған дейін Қостанайдағы түнгі клубтардың біріне бомба қойылғаны туралы хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар