«Секундына 20 метр жылдамдықпен соққан жел Ұзынкөл ауданындағы білім беру мекемесі шатырын қиратып кетті. Екі қабатты ғимараттың 323 шаршы метр болатын темір жабындысы жерге құлап түсті. Нысанның жалпы аумағы - 1 599 шаршы метр. Табиғи апат білім беру мекемесінің жұмысына кері әсерін тигізген жоқ», - деді облыстық ТЖД-нің баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.
Белгілі болғандай, ғимараттан ұшқан шатыр Daewoo Matiz маркалы автокөлігінің үстіне түскен. Оқыс оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.
13:04, 05 Мамыр 2018
Қостанайда қатты жел ғимараттың шатырын ұшырып кетті
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қатты жел Қостанай обылысы Ұзынкөл аудандық білім беру бөлімі ғимаратының шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.