Қостанайда қазақ тілінің таңдаулы мұғалімі анықталмақ

None
ҚОСТАНАЙ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайда «Таңдаулы қазақ тілі мұғалімі» байқауы жарияланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұл шараны облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырып отыр. Байқаудың басты мақсаты ? мемлекеттік тілді насихаттау және оны оқытудың озат әдістемелерін тарату, мұғалім шеберлігін арттыру болмақ. Байқау төрт кезеңмен өтеді. Оған қатысушылар қазылар алқасының төрелігіне қазақ тілін оқыту жөніндегі өздерінің авторлық бағдарламаларын ұсынады.