Қостанайда Қазақстан халқы Кіші Ассамблеясының XVII сессиясы ашылды
Облыстық Ассамблея төрағасының орынбасары Серік Бектұрғанов Қазақстан халқы Ассаблеясы XV сессиясының қорытындылары мен оның шешімдерін жүзеге асыру жөніндегі облыстық Ассамблеяның міндеттері туралы баяндама жасады. Мәжілістің күн тәртібіне сондай-ақ, кадрларды ауыстыру, облыстық Ассамблея Кеңесін құру, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың облыстық конкурсының қорытындыларын шығару мәселелері ұсынылып отыр.
Сессияның кеңейтілген мәжілісінің жұмысына облыстық Ассамблеяның мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың жетекшілері, мемлекеттік органдардың басшылары, әкімдердің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысуда.