Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің сөзінше, биыл Қостанай қаласында екі жаңа нысан салынады.
«Оның біріншісі - Кәмшат Дөненбаев атындағы саябақ. Ол Жастар орталығы шағынауданында ашылады. Енді барлығы қала әкімдігі мен архитекторларға байланысты. Саябақ көрікті болуы тиіс, қаржы мәселесі шешілді»,- дедіАрхимед Мұхамбетов аппарат мәжілісінде.
Ал екінші нысан - Даңқ аллеясы. Ол қала орталығындағы «Жеңіс паркі» алаңында орналасады.