Қостанайда қазандықта болған апаттың себептері жарияланды

None
ҚОСТАНАЙ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - «ҚЖЭК» МКК-ның директоры Жақсылық Мұхамедғалиев баспасөзге бір апта бұрын № 2 қазандықта болған апаттың себептерін хабарлады.

Бұрын хабарланғандай, КСК шағынауданға қызмет ететін қазандықта су жылыту қазандығы мен коллектор жарылды. Соның салдарынан 150 адам тұратын көпқабатты үй жылусыз және ыстық сусыз қалды.

Апаттың салдарын тергеу үшін арнайы құрылған комиссия ТЖ-ның салдары қазандық қызметкерлерінің жұмыстарына салғырт қарауынан болғанын анықтады. Ж.Мұхамедғалиевтің айтуынша, жұмыскершылар қауіпсіздік техникасын сақтамадған. Бүгінде апаттың зардаптары жойылды. Алайда жарылыс болған қазандық бірнеше айдан кейін жөнделеді. Барлық салмақ жұмысқа жарамды төрт су жылыту қазандығына түсті. Осыдай жағдайларды болдырмау үшін кәсіпорындағы қызметкерлер арасында пысықтау оқуылары мен нұсқаулар өткізілді.