10 тамыздан бастап Қостанай қаласындағы маршруттық автобустардың қозғалысы сағат 06.00-ден 21.00-ге дейін жүзеге асырылады. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бұл ұсынысты қолдады.
Бұған дейін Архимед Мұхамбетов аймақта коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мәселелері бойынша шұғыл кеңес өткізіп, қоғамдық көліктің жүру қозғалысын шектеу туралы қаулы шығарған еді.
Бұдан бөлек өңірде азық-түлік емес дүкендердің жұмысы жандануы мүмкін. Себебі, қала әкіміне кәсіпкерлерден ұжымдық өтініш түскен.