Қостанайда қоғамдық орындардың қоқыстануы жөнінде 500-ден астам соттық іс қаралды

ҚОСТАНАЙ. 9 шілде. ҚазАқпарат - Қостанайдың мамандандырылған әкімшілік соты 2012 жылдың бірінші тоқсанында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 330 бабы (ұсақ бұзушылық) бойынша 522 әкімшілік істі қарады.

«2011 жылдың 22 шілдесінен ҚР «Тұрғын-үй мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге толықтырулар мен өзгертулер енгізу жөнінде» Заңына қоғамдық орындарды, саябақтар мен алаңдарды ластау, тұрмыстың қалдықтарын белгіленбеген жерге тастау сияқты ұсақ бұзушылық тармақтарымен толықтырылды», - деді Қостанай қаласының прокуроры Ержан Толысбаев. Қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, осындай істерді қарастырудың нәтижелері бойынша сот 2969 азаматқа айыппұл салды. 

2011 жылдың осы кезеңінде осындай 103 іс қаралды.