Іс материалдары бойынша, 30 шілде күні шамамен сағат 05:45 кезінде М. «Ваз Приора» маркалы автокөлігін басқара отырып, ұйықтап кеткен. Соның салдарынан бағдаршамның тыйым салу белгісінен өтіп кетіп, рұқсат берілген бөлігінде өтіп бара жатқан «Лада Гранта» маркалы автокөлікпен соғылып, жол көлік апатын жасады.
Жол көлік апаты салдарынан дене жарақатарын алған жүргізуші О.Янковский қаза тапты. Құқықбұзушылық туралы хабарлама сотқа дейінгі тексерулердің бірыңғай реестріне тіркеліп, сотқа дейінгі тексеру басталды. Қаулы заңдық күшіне әлі ене қойған жоқ.