Қостанайда көлік қағып кеткен әйел мерт болды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін кешке Қостанайдың КСК шағын ауданында көлік қаққан әйел оқиға орнында қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы туралы тұрғындар әлеуметтік желілерде жазды.

Куәгерлердің сөзінше, Қобыланды батыр даңғылында қатты жылдамдықпен келе жатқан «Mitsubishi» көлігі әйел адамды қағып кеткен. Көлік рөлінде ер адам отырған. Әйел оқиға орнында мерт болды.