Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тіркемесі бар көлік Б.Майлин ауданы Барсуковка ауылының маңында тұрған.
«Омарта және автокөлік тіркемесі бар «Газ-53» маркалы көлік толық жанып кетті. Денесінің 98%-ын күйік шалған 1955 жылы туған азамат Лисаков орталық аудандық ауруханасына түсті», - деді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Ер адам ауруханада қайтыс болды. ТЖД мамандары өрт кезінде жиналған материалдарды аудандық полиция бөліміне тергеу үшін жіберді. Алдын ала болжам бойынша, өрт отты абайсыз пайдаланудан шыққан.