Облыстық ТЖД кезекші бөлімі түнгі сағат 02:53 шамасында Победа көшесінде көліктің өртеніп жатқандығы туралы хабарлама алған.
«Победа-Урицкий көшелерінің қиылысындағы өрт туралы ақпар алған соң оқиға орнына №1 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері жіберілді. Алдын ала болжам бойынша, автокөлік қозғалтқыш сымдары тұйықталуынан соң тұтанған. Өрт аумағы 4 шаршы метрді құрайды», - деді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Өрт сағат 03:10-да ауыздықталған. Зардап шеккендер жоқ.
Иллюстрациялық фото