Қостанайда көлікжайда екі ер адам өртеніп кетті
12:29, 20 Ақпан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, 19 ақпанда Қостанайда гараж кооперативінде қайғылы оқиға орын алды.
Тілсіз жау таңғы сағат 7-де орын алған.
«Бір қабатты жеке гараждан өрт шықты. Гараж алаңы 15 шаршы метр, оқиға орнынан жанып кеткен 43, 32 жастағы екі ер адамның мүрдесі табылды», - деп хабарлады облыстың ТЖД Апаттық құтқару жұмыстары қызметінен.
Жалын 7:31-де ауыздықталып, 9:23-те жойылды.
Өртті ауыздықтауға жеке құрамнан 7 адам, 2 бірлік техника тартылды.
ІІД баспасөз қыөметінде екі ер адамның мүрдесінде күштеп өлтіру белгілері болмағанын нақтылады.