Іс деректерінде көрсетілгендей, 2018 жылдың 14 қарашасында Марат Нүркин өзінің қызметтік кабинетінде тұрып, азамат Ч.-дан пара ретінде құрым аяқ киім алған. Өз кезегінде ол Ч.-ға телефон арқылы сөйлесуге қосымша уақыт беруге, сондай-ақ, одан әрі қамқорлық жасауға уәде еткен.
«Қостанай қаласы №2 сотының шешімімен Марат Нүркин қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін ҚР ҚК-нің 366-бабы, 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойы шеттетілді. Ол жазасын қауіпсіздігі төмендетілген қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді», - делінген облыстық соттың хабарламасында.
Сондай-ақ, М.Нүркин әділет майоры шенінен айырылды.