«Тарифтің көтерілуіне табиғи газ бағасының өсуі себеп болды. Тұрғындарды бағаның көтерілуі туралы қыркүйек айында құлағдар еткенбіз. Тұрғындар үшін тарифтер орташа 4%, ал заңды тұлғалар үшін 6%-ке көтерілді», - дейді Қостанай жылу энергетикалық компаниясы МКК директоры Асқар Бекпағанбетов.
Еске сала кетсек, қыркүйек айының басында ҚЖЭК 1 қазаннан бастап жылу мен ыстық су тарифтерінің көтерілетінін хабарлаған болатын.