Қостанайда коммуналдық тарифтер төмендеді
23 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясы және дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі кеңесте берген тапсырмасын орындау аясында, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті 2020 жылдың 1 сәуірден бастап, ТЖ кезеңіне халыққа келесі коммуналдық қызметтерге тарифтер төмендетті:
«Қостанай су» МКК: сумен жабдықтау бойынша тариф 1 м3 үшін 85,3 теңгеден ҚҚС-ы есебімен 76,78 теңгеге дейін немесе 10 %-ға төмендеді;
- су бұру бойынша тариф ҚҚС-ы есебімен
«Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы» МКК-ы тұрғындар үшін жылумен жабдықтау қызметіне тариф 1 Гкал үшін 4813,88 теңгеден 4715,64 теңгеге дейін ҚҚС-ы есебімен немесе 2,04%-ға төмендетілді.
«Тобыл жылуэнергетикалық компаниясы» КМК-ы халық үшін:
- жылумен қамту бойынша тариф 6280,66 теңгеден 5652,55 теңгеге дейін ҚҚС-ы есебімен немесе 10 %-ға төмендетілді;
- су бұру бойынша тариф ҚҚС-ы есебімен 1 м3 үшін 151,5 теңгеден 141,58 теңгеге дейін немесе 6,55%-ға төмендеді.
«Жітіқаракоммунэнерго» МКК-ы халық үшін:
- сумен жабдықтау бойынша тариф ҚҚС-ы есебімен 1 м3 үшін 146,72 теңгеден 132,05 теңгеге дейін немесе 10 %-ға төмендеді;
- су бұру бойынша тариф ҚҚС-ы есебімен 1 м3 үшін 146,0 теңгеден 131,4 теңгеге дейін немесе 10 %-ға төмендеді;
- жылумен жабдықтау бойынша тариф ҚҚС-ы есебімен Гкал үшін 5809,52 теңгеден 5228,56 теңгеге дейін немесе 10%-ға төмендетілді.
«Арқалық жылу энергетикалық компаниясы» МКК-ы халық үшін:
- сумен жабдықтау бойынша тариф ҚҚС-ы есебімен 1 м3 үшін 96,35 теңгеден 86,72 теңгеге дейін немесе 10 %-ға төмендеді;
- су бұру бойынша тариф ҚҚС-ы есебімен 1 м3 үшін 56,01 теңгеден 50,41 теңгеге дейін немесе 10 %-ға төмендетілді;
- жылумен қамтамасыз ету бойынша тариф ҚҚС-ы есебімен Гкал үшін 3228,78 теңгеден 2905,91 теңгеге дейін немесе 10%-ға төмендеді.
«Лисаковскгоркоммунэнерго» ӨШБ МКК-ы халық үшін:
- сумен жабдықтау бойынша тариф ҚҚС-ы есебімен 1 м3 үшін 102,26 теңгеден 97,14 теңгеге дейін немесе 5,01 %-ға төмендетілді;
- су бұру бойынша тариф ҚҚС-ы есебімен 1 м3 үшін 120,74 теңгеден 114,7 теңгеге дейін немесе 5 %-ға төмендеді;
- жылумен қамтамасыз ету бойынша тариф ҚҚС-ы есебімен 5257,48 теңгеден 5050,39 теңгеге дейін немесе 3,94%-ға төмендетілді.
Қазіргі уақытта департамент реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерін төмендету бойынша жұмыстарды жалғастыруда.