Жаңа жыл мерекесі ұмытылмастай болу үшін ең алдымен өрт қауіпсіздігі сақталуы тиіс. Осыған байланысты фабриканың өндірістік цехтарында «Қауіпсіз Жаңа жыл» логотипі бар жаңа жылдық сыйлықтар сериясы шығарылды. Мерекелік сыйлықта құтқару қызметінің «112» бірыңғай нөмірі көрсетілген. Әрбір сыйлыққа әдемі жаднама салынған. Онда балалардың отпен ойнауына қатысты негізгі ұсынымдар, өрт қауіпсіздігі ережелері жазылған.
Акцияның мақсаты - халықтың назарын жаңа жылдық мерекені қауіпсіз өткізуге аудару.