Қостанайда көпір үстінде егде жастағы велосипедші қайтыс болды

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы Киев көшесінде велосипедші қайтыс болған. Бұл туралы Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«25 маусым күні 21:20-да Қостанайдың Киев көшесіндегі көпірде велосипед мініп келе жатқан қаланың 50 жастағы тұрғыны қайтыс болды», - деп мәлімдеді Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, ер адамның жүрегі ұстап қалған. Қазір ІІД осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.