Ер адам алған жарақатынан қаза тапты. Тағы екі көлік зақымданды.
- Адам өліміне әкеп соққан оқиға бойынша ҚР ҚК 277-бабының 2-бөлігінде көзделген «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиға орнында барлық тиісті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Кранның құлау себебі анықталып жатыр. Тергеу барысында басқа мәліметтер жария етілмейді, - деді Қостанай облысының полиция департаменті.