Жылу-энергетика компаниясының мәліметінше, апат Бородин №221А көшесінде диаметрі диаметрі 150 мм құбырда болған.
«№5 орта мектеп, бастапқы әскери дайындық спорт залы және Шипин көшесіндегі № 168, 170, 172,172А, 174, 174А, 176 үйлер, Бородин көшесіндегі №221А үй жылудан ажыратылды. Құбырды қалпына келтіру жұмыстары 2024 жылғы 22 қараша сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Бұған дейін апат салдарынан бірнеше тұрғын үй жылусыз қалған болатын. Осы айда Рудныйда бірнеше жерде жылу трассасы жарылды.