Бұл туралы «Қостанай жылу энергетикалық компаниясының» баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«26 желтоқсан күні Тәуелсіздік даңғылындағы жерасты жылу құбырының диаметрі 250 мм болатын бөлігі жарылды. Сағат 09:00-14:30 аралығында құбырды ашу үшін қазу жұмыстары жүргізілді. Осыған байланысты 8 көппәтерлі тұрғын үй (381 абонент) жылудан ажыратылды. Жөндеу жұмыстарын сағат 20:00-ге жақын аяқтау жоспарлануда», - делінген «Қостанай жылу энергетикалық компаниясының» хабарламасында.
Мәлім болғандай, мына мекенжайлар бойынша орналасқан көппәтерлі үйлер жылудан ажыратылды:
Әл-Фараби даңғылы бойындағы №143, №145, №158/1, №158/6 үйлер;
Перонная көшесі бойындағы №3, №4, №10 үйлер;
Темірбаев көшесі бойындағы №39 үй.
Еске салайық, бұл уақытқа дейін Қостанай қаласы көшелерінің бірінде жерасты жылу құбырында апат болып, 30 тұрғын үй кешені жылусыз қалған еді.