Еске салайық, 10 қыркүйек күні кешке Гашек көшесінің бойында екі көлік соқтығысып, өртке ұласқан. Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінің мəлімдемесіне сүйенсек, «Audi-89» көлігінің жүргізушісі «AudI-80» маркалы көлікті бүйірден соғады.
«Audi-89» автокөлігінің иесі оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір құқық қорғау органы қызметкерлері күдіктіні іздестіруде. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша жазаланады" делінген облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарламасында.