Еске салсақ, бүгін кешке тұрғындар вокзалда жарылғыш заттың болуы мүмкін екенін айтып, дабыл қаққан. Тәртіп сақшылары вокзал ішіндегі адамдары сыртқа шығарып, ғимаратты қоршауға алды.
«1 қарашада сағат 18:10-да ер адам полицияның кезекші бөліміне теміржол вокзалында күдікті сөмкенің тұрғанын айтқан. Тексеру барысында сөмке ішінде облыс тұрғынының жеке заттары болғаны анықталды», -деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженар.