Қостанайда құрбандық шалу орны белгілі болды
11:50, 29 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанайда құрбандық шалу орны таңдалды. Бұл туралы ақпаратты Қостанай қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі таратты.
Қала аумағында құрбандық шалу орны болып Екатеринбург-Алматы тас жолының 543 шақырымында орналасқан «Костанайский Агропродукт» ЖШС төңірегіндегі №1 құрылыс маңы белгіленді.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Құрбан айт мейрамы 1-3 қыркүйек аралығында мерекеленеді. Алғашқы күні айт намазы оқылып, құрбандық шалады.
Ережеге сәйкес, сойылған мал етінің үштен бірін мұқтаж жандарға, тағы бір бөлігін туған-туыстарына, қалғанын өзіне қалдыруы керек.
Батыр Жолайұлы