Қостанайда күйік шалған алты жасар бала жансақтау бөліміне жеткізілді

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанай облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне алты жасар бала жеткізілді. Оны жеке үйде шыққан өрттен құтқарып қалған.

Қостанай облыстық ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінен хабарлағандай, тұрғын үй баланың отпен ойнауы салдарынан өртенген. Тілсіз жау туралы ақпаратты ТЖД-ға куәгерлер хабарлады. Олар құтқарушылар келгенге дейін баланы үйден алып шыққан.

Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен бір сағаттай арпалысты. От 75 шаршы метр аумақты шарпыды. Бала күйіктермен қарқынды терапия бөліміне түсті.