Қостанай қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде денесінің көп бөлігін күйік шалған 48 жастағы ер адам бүгін таңертең қайтыс болды.
Еске сала кетейік, 17 наурыз күні Қостанайда өрт шыққан 5 қабатты үйден 19 адам оқшау аумаққа көшірілген, соның екеуі бала еді.
Алдын ала болжам бойынша, төтенше оқиғаға темекі тұқылы себеп болған.