Қостанайда күйіп қалған 4 жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр
12 тамызда кішкентай Артемнің анасы оны жолдың ар жағында көрші тұратын балалармен ойнауға жіберіп, өзі үйде омыраудағы баласымен қалған.
«Көрші 10 жасар ұл бала мен 4 жастағы қыз үйде жалғыз қалған. Үлкені «Сендерге фокус көрсетейін бе? деп, жанып жатқан отқа шөлмектегі бензинді құйып жібереді. Сол кезде біздің ұлымыз дәл жанында тұрған. Оттың жалыны баламның трикосына тиіп кетіп, өртене бастаған. Ол үйге жүгіргенше трико түгелдей өртеніп, шалбарының жартысы ғана қалған. Көршіміз Артемді көріп, киімінен қалғанын шешіп алған», - деп еске алады Марина Логовчина.
Балалардың тентектігінің салдарынан 4 жасар Артемді үшінші дәрежелі күйік шалды. Бала бірден Федоровскінің орталық аудандық ауруханасына жеткізілген. Дегенмен ол жерде балаға дұрыс көмек көрсетілмегендіктен, анасы оны Қостанайға алып еткен.
«Қазір облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Алда әлі тері ауыстыру операциясы күтіп тұр. Дәрігерлер әзірге ештеңе айтпайды. Балама қан жинап жатырмыз», - деді Марина.
Баланың анасы әзірге Қостанайда жүр. Алда әлі ауыр оталар күтіп тұрғандықтан, баласына моральдық тұрғыдан көмек көрсетуге тырысуда.