2017 жылғы 11 қазанда әскери бөлімнің қызметкері М. ҚР әскері ішкі қызмет жарғысын бұзды. Cондай-ақ, застава кезекшісінің бұйрығын орындамаған.
«Шекарашы сол күні сағат 07-00-дер кезінде мемлекеттік шекараны күзету үшін қызметіне кірісті. Ол сағат 13-00 және 14-00 аралығындағы техникалық үзілісте ұйықтап кеткен. Кейін мәлім болғандай, ол техникалық үзілістен соң да ұйықтаған. Әскери қызметкер өз кінәсін мойындады», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз хатшысы Индира Құсайынова.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, әскери қызметкер келісімшарт бойынша жұмысқа алынған. Шекарашы әкімшілік жазаға тартылды. Ол мемлекет қазынасына 60125 теңге төлейді.
22:00, 08 Қаңтар 2018
Қостанайда күзетте ұйықтап қалған сарбаз жазаланды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қарабалық ауданындағы шекара бекетінің қызметкері ұйықтап қалғаны үшін жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.