«Күдіктілердің бірі Тараз қаласында ұсталды. Сол күні қылмыстық топ мүшелерінен 59 кг марихуана тәркіленді. Қазір ҚР ҚК 297-бабы, 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Іс деректеріне сәйкес, 2017 жылдың наурыз айында полицияға Қостанай облысының аумағында есірткі құралдарын таратып жүрген адамдар туралы ақпарат келіп түсті. Қылмыстық топтың мүшелерінің алтауы 19-38 жас аралығында. Олар - Қостанай облысының тұрғындары. Тәртіп сақшылары күдіктілердің іс-қимыл схемасын жасалған.
Тергеу іс-шаралары жалғасуда.