Жол-көлік оқиғасы бүгін қаладағы 15-дүкен маңында болған. Вадим есімді куәгердің айтуынша, автобус жүргізушісі ұйықтап кеткен болуы мүмкін.
«Бұл автобус Воинов-Интернационалистов көшесімен келе жатты. Сәлден соң жүргізуші көлікті басқара алмай, бөлінген жолаққа шығып кетіп, қоршау мен ағаштарға соғылды. Дереу жедел-жәрдем қызметін шақырдық. Жүргізуші ұйықтап кеткенге ұқсайды», - дейді оқиға куәгері.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінде мәлімдегендей, оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Автобус салонында жүргізушіден басқа ешкім болмаған. Жаяу жүргіншілер зардап шеккен жоқ. Сондай-ақ, қызметтік автобустың қандай мекемеге тиесілі екені анықталуда.