Мəслихатта 12 орын бос тұр. Бұл туралы Қостанай облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Антонина Маркова айтты.
«Аудандық жəне қалалық мəслихаттардағы бос тұрған 12 орынға 36 үміткер тіркелді. Оның 12-сі саяси партиялардың атынан түсіп отыр. Жасы 40-тан төмен 24 үміткердің тіркелгенін айта кету керек. Бұл бұрын соңды болмаған жағдай», - деді А.Маркова.
Үміткерлердің ішінде 18 əйел, 18 ер адам тіркелген. 30 жасқа дейінгі қосымша сайлауға 10 үміткер, 40 жасқа дейін - 14, 50 жасқа дейін 8 адам болса, 60 жасқа дейінгі үміткерлердің саны - 4. Қосымша сайлау Алтынсарин, Амангелді, Жанкелдин, Жітіқара, Сарыкөл, Федоров аудандары мен Рудный, Лисаков қалаларының сайлау учаскелерінде өтеді.