Биыл облыс бойынша майлы дақылдарды өсіруді 26,5%-ға арттыру көзделген. Сол себепті, егіс алқаптарын әртараптандыру процесі жалғасады.
«2017 жылы бидай алқаптарының көлемі 2,8%-ға қысқарып майлы дақылдардың егістік көлемі 30,5%-ға артқан. Сондықтан да былтыр ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім 3,5% -ға өсті. Мұндай үрдіс ағымдағы жылы да жалғасатын болады. Бидай алқаптары көлемін 5,9%-ға қысқартамыз, есесіне майлы дақылдар өсіру үшін жер көбейеді, - деді Е.Спанов облыс әкімдігінде өктен жиында.
Мәжіліс барысында мәлім болғанындай, өңірде майлы дақылдар өсіруге шаруалардың бәрі бірдей бел шешіп кірісе бермейді.
Ал облыс әкімі Архимед Мұхамбетов шаруаларға қолайлы жағдай жасау керектігін айтты. Себебі, топырағы құнарлы алқаптарды анықтау, егістікті арам шөптерден тұрақты түрде тазарту сияқты жұмыстар көп уақытты алады.
Жалпы, 2017 жылы аграрлық секторды дамыту үшін облыстық бюджеттен 35,1 млрд теңге субсидия бөлінді. Ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артық.