Қостанайда мемлекеттік мекемелер ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай бірқатар спорттық сайыстар өткізуде

ҚОСТАНАЙ. 29 қараша. ҚазАқпарат - Қостанайлық мекемелер ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай бірқатар шаралар, соның ішінде спорттық жарыстар өткізуде.

Осылайша, Қостанай Шахмат клубының ғимаратында «Қостанай облыстық ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің қызметкерлері арасында шахматтан жарыс өтті. Оған бес команда қатысты. Олар «Қостанай облыстық ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ аппаратының қызметкерлерінен, сондай-ақ төрт өрт сөндіру бөлімшелерінен тұрды.

Ал Қостанай облыстық ІІД-де шағын футболдан «Динамо» денешынықтыру-спорт ұйымының жарысы өтті. Оған түрлі әскери құрылымдар қызметкерлері қатысты. Ақтық кезеңде ІІД және ҰҚКД-нің командалары кездесті. Нәтижесінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің командасы жеңіске жетті. Үшінші орынды ТЖД командасы жеңіп алды.