Қостанайда мотокросс бойынша Кеден одағының Кубогы үшін жарыс болып өтті

None
ҚОСТАНАЙ. 21 қазан. ҚазАқпарат - Қостанайда мотокросс бойынша Кеден одағының кубогы үшін жарыс өтті. Жарысқа алты команда, оның ішінде ресейлік Қорған қаласының өкілдері де қатысты.

Қатысушылар жасының әртүрлілігі оларды - жасөспірімдерден ардагерлерге дейінгі алты әртүрлі санатқа бөлуге мүмкіндік берді. Жарыстың ең жас қатысушысы - 7 жастағы бүлдіршін.

Ұзындығы 1600 метрден тұратын арнайы мотожол көрермендерге осы қызықты сайысты толығымен тамашалауға мүмкіндік берді.