Өрт Көбеев көшесіндегі көп пәтерлі үйде болды.
«Бесінші қабатта 15 шаршы метр аудандағы үш бөлмелі үй жанып жатқандығы анықталды, - деп хабарлады ТЖД. – 1949 жылы туған үй иесі өз бетінше қозғала алмаған. Қысқа уақытта жалын тарап, көзді ашытқыш түтін кіреберіске жайылады. Бұл уақытта әйел баспалдақ алаңында болған. Кейбір тұрғындар өз бетінше эвакуацияланып, әйелге түсуге көмектескен».
Зейнеткер иіс газымен уланып, қол мен арқаның екінші дәрежелі күйігін алған, құтқарушылар оны дәрігерлерге тапсырды. Жалын шарпыған үйде адамдар қалған еді, өрт сөндірушілер 3 баланы қосқанда барлығы 31 адамды эвакуациялады.