Қостанайда мылтық қорабына марихуана жасырған адам ұсталды

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай қаласында аса ірі есірткі затын сақтаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары жедел-із кесу шаралары барысында Қостанай жатақханаларының бірінің аумағында 33 жастағы ер адамды ұстады. Оның қалтасынан ерекше иісі бар жасыл түсті затпен қапталған бес түйіншек табылды.

«Сараптама қорытындысына сәйкес, ер адамның қалтасындағы зат 30 грамм кептірілген марихуана болып шықты. Одан әрі күдікті марихуананың қалған бөлігін жасырып қойғанын айтты. Полиция қызметкерлері мылтық қорабынан тағы екі полиэтилен орамасын тапты. Осылайша 118 грамм есірткі заты тәркіленді. Бұл есірткі затының ірі салмағына жатады. Аталған дерек бойынша «Есірткі заттарын заңсыз өткізу» бабымен қылмыстық іс қозғалды», - дейді Қостанай облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Лев Квасенко.

Дәл осындай оқиға «Аэропорт» шағынауданында болды. Полицейлер 35 жастағы ер адамды ұстап, 20 грамм героин тәркіледі. Күдікті қамауға алынды.